Мектебіміз директоры » Қажымұқан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Қажымұқан атындағы №11 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор тел :
+77754685100
Оқу ісі орынбасары тел:
+77025166312
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектебіміз директоры
15
февраль
2017

Мектебіміз директоры

 


 Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби

 

СӘРСЕНБІ-заңды тұлғаларды, ЖҰМА- жеке тұлғаларды қабылдау күндері

Тел: 30-0-24

 

Ниязбеков Талгат Абдиович -
Туған жылы: 17-желтоқсан 1973ж.   
Ұлты:    қазақ
Педагогикалық стаж: 20 жыл
Лауазымы бойынша стажы:    13жыл
Оның ішінде осы ұйымда  12 жыл
Санаты: жоғары
Ниязбеков Талгат Абдиович 1973 жылы 17 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал  ауданы Нұрлыбаев а/ә қарасты «Ынталы» ауылында көп балалы отбасында  дүниеге келді.  1980ж Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданды. 1990 жылы осы мектепті жақсы бағалармен бітірді. 1992 жылы  Ақмола  қаласындағы Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетінің химия-биология факультетіне оқуға кірді. 1997 жылы осы оқу орнын тәмамдады.
1997 жылдан  бастап №108 С.Торайғыров атындағы орта мектепте химия-биология пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады. 2004 жылдың қаңтар айынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары лауазымына тағайындалды.
2004 жылдың шілде айынан бастап Х.Әлімжан негізгі орта мектебіне директор лауазымы қызметін атқарды.
 2005 жылдың ақпан айынан  бастап Қажымұқан атындағы жалпы орта мектепте директорлық қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, биология пәнінен 9-11-сыныптарға сабақ бере отырып, әр жылы 11-сыныптарды  ҰБТ-ке дайындауда оқушыларды жоғары жетістіктерге жеткізіп отыр.
Өз сабақтарымда жаңа технология элементтерін пайдаланады.  Сол әдіс-тәсілдерді қолдануға мектеп  ұжымына кеңес береді.
Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Оқушыларды Отанын сүюге, ата-анасын, тілін құрметтеуге тәрбиелеуде, оқушыларды білімге деген қызығушылығын арттыруда  ат салысып  келеді. Осы  уақыт аралығында еңбектері  еленіп, мынандай  алғыс хаттармен  марапатталған:
2005  жылы  аудан әкімшілігінен «Алғыс  хат» 
2006  жылы  аудан әкімшілігінен «Алғыс  хат» 
2011  жылы  облыс « Нұр Отан»  партиясынан  «Алғыс хат»
2012  жылы  аудан  «Нұр  Отан»  партиясынан «Алғыс  хат»
2012  жылы  ОҚО білім  басқармасынан  «Алғыс хат»
Қазіргі  таңда  жанұялы, бес баланың  әкесі.  

 

Похожие публикации:

06 ноябрь 2016 2016-2019 жылдарға