"Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабаққа кіріктіру арқылы сапалы білім беру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. » Қажымұқан ЖББМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Қажымұқан атындағы №11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор тел :
+77754685100
Оқу ісі орынбасары тел:
+77025166312
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабаққа кіріктіру арқылы сапалы білім беру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
24
апрель
2024

"Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабаққа кіріктіру арқылы сапалы білім беру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Қажымұқан атындағы N11 жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту бойынша директордың орынбасары А.Закировтың ұйымдастыруымен "Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабаққа кіріктіру арқылы сапалы білім беру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабаққа кіріктіру арқылы оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыру, мұғалімдер арасында пікір алмасып, мектеп әлеуетін көтеру және мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен білім сапасын арттыру.
Семинарға аудан білім бөлімінің әдіскерлері Н.Мырзалиева, Ш.Спанова және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары М.Мырзалиеваның  басшылығында семинарда  ұлттық құндылықтарды дәріптеу  бұрыштары, барлық пән бірлестіктерінің  көрмелері, оқушылардың таныстырылымдары ұйымдастырылды. Семинарға келген қонақтар мектеп дәлізіндегі шығармашылық  көрмелерді тамашалап жағымды әсер алды. 
Әрі қарай мектебіміздің музыка пәні мұғалімі А.Нуртазинованың жетекшілігімен құрылған "Жауқазын" би тобы және мектеп оқушылары келген қонақтарға концерттік бағдарлама көрсетті. Концерттік бағдарламадан  соң мұғалімдер сабақтарға енді.Семинарда математика пәні мұғалімі Тастанова Гулжан, химия пәні мұғалімі Махамадалиева Лайло, жаратылыстану пәні (бастауыш) бойынша Атабаева Айжан, биология пәні бойынша Хасанова Зилола, физика пәні бойынша Худайкулов Дилшад, математика пәні (бастауыш) бойынша Душабаева Ранохан ашық сабақтар өтті. Ұ.Аширалиева ұстаздарға тренинг сабақ өтті. Ашық сабақтан соң аудан білім бөлімінің әдіскерлері Н.Мырзалиева, Ш.Спанова сабақ өткен мұғалімдердің сабақ барысындағы сәтті тұстары мен жіберілген кемшіліктеріне тоқталып, кері байланыс берді. Мектеп директоры Ж.Адеханов  семинарды ұйымдастырушылар мен сабақ өткен ұстаздарға аудандық білім бөлімінен марапаттауға ұсыныс берді.