«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мәдени мерекелік іс-шара өткізілді. » Қажымұқан ЖББМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"Қажымұқан атындағы №11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор тел :
+77754685100
Оқу ісі орынбасары тел:
+77025166312
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мәдени мерекелік іс-шара өткізілді.
20
март
2024

«Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мәдени мерекелік іс-шара өткізілді.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Қажымұқан атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.03.2024ж күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мырзалиеваның ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мәдени мерекелік іс-шара өткізілді. 
Мерекелік іс-шараның мақсаты: халқымыздың ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, тәрбиелеу.
Мәдени мерекелік іс-шарада мектебіміздің ұлағатты ұстаздары Р.Асабаева мен Д.Джаппарова шашу шашты. Мектеп директоры Ж.Адеханов мерекелік іс-шараны ашып, Наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді. Оқушылармыз дайындап келген би, әндер мен салт-дәстүрден көріністерін көрсетті. Атап айтсақ, 8ә сынып оқушылары «Беташар», 8а сынып оқушылары «Тұсаукесер» көріністерін көрсетсе, 5б сынып оқушылары «Андижан полька», 10б сынып оқушылары грузин билерді биледі, т.б. Ән-күй пәні мұғалімі А.Нұртазинованың жетекшілігімен «Жауқазын» би тобының қыздары да өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Сондай-ақ, дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларға ұлттық ойындарды ойнатты.Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды мадақтады. Мерекелік іс-шара қызықты да тартымды өтті.