06
май
2025
АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ


Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “Қажымұқан атындағы №11 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Адеханов Жақсылық Турсунович басшылығында мектеп әкімшілігі мектебімізде ұзақ жылдар бойы сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпаққа өздерінің өлшеусіз үлесін қосқан ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсетті. Білімнің шамшырағы болған ардақты ұстаздарымыз Жусупбекова Балакыз Ауелбековна, Мусабаева Мархамат Абзеловна, Камбарова Загира Аймағамбетовналарға мың алғыс!
Олардың өмір бойғы еңбегі, балаларға берген білімі мен тәрбие жолындағы төккен тері – өлшеусіз байлық.
Бүгін біз ардагер ұстаздарымызға шын жүректен алғыс айтып, оларды құрметтеуді парыз санаймыз.
Сіздердің даналықтарыңыз, сабырларыңыз, ұлағатты істеріңіз – келер ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ!
ҰСТАЗ – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!